Бокс тарихындағы ең ұлылардың бірі - Альварес Головкин туралы

©twitter.com/Canelo

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) өткізген екі кездесу туралы ой бөлісті. Сонымен қатар ол не үшін GGG-ға ашулы екенін айтып берді, деп жазады vRINGe.com порталы. 

"Менің ойымша, біздің бұған дейінгі екі кездесуіміз де мықты болды. Енді жанкүйерлер үшінші айқасты қалап отыр. Екінші кездесуден кейін бұл жекпе-жекке нүкте қойылатын шығар деп ойлаған ем. Бірақ жанкүйерлер кімнің жеңімпаз екенін нақты анықтамапты. Сол үшін оларға үшінші кездесу керек болады. Үшінші кездесуде бұл тартысқа нүкте қойылады. 

Головкин үнемі мені нашар боксшы, Мексиканы масқара етіп жүрген адам деп айтып жүр. Сол үшін де мен оған ашулымын. Ол былапыт сөздерін менің бетіме айта алмаймын. Осыған мен қатты ашуланамын. Біз бетпе-бет келгенде ол ештеңе айта алмай қалады. Боксшы ретінде мен оны жоғары бағалаймын. Мықты, қиын, ақылды қарсылас. Ол бокс тарихындағы ең мықтылардың бірі. 

Біздің стиліміз бір-бірімізге жақсы келеді. Сондықтан екі жекпе-жек мықты болды. Қазір мен бұрынғыдан да мықты болдым. Тәжірибем де артты. Дәл қазір бабымдамын деп айта аламын. Бұл да маңызды рөл атқарады. Жанкүйерлердің пікірі? Әркімнің өз ойы, өз пікірі бар. Әрине, егер Головкин жеңсе, олар дән риза болады. Егер жеңілсе: - 40 жастағы шалды жеңді ғой", - дейді. Олардың не айтатыны маған маңызды емес. Маңыздысы - дайындығым және шаршы алаңдағы әрекетім. 

Бұл менің карьерамдағы ең керемет жеңістердің бірі болады. Жекпе-жектің оңай болмайтынын білемін. Тоғызыншы, оныншы немесе 11 раундта мен оны нокауқта жіберемін. Кездесуден кейін қол алысамыз ба? Екінші кездесуден кейін алысқанбыз. Барлығы дұрыс аяқталған сияқты еді. Алайда ол айқастан кейін тағы да болмайтын нәрселерді айта бастады. Мен үнемі қарсыластарыма құрметпен қараймын. Кездесуге дейін де, кейін де қарсыластарды сыйлаймын. Ал кездесуден кейін қол алысамыз ба, жоқ па білмеймін", - деді Альварес. 

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар