Боб Арум әйгілі Ломаченко рингке қашан оралатынын айтты
Танымал промоутер Боб Арум үш салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Василий Ломаченко туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Танымал промоутер Боб Арум үш салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Василий Ломаченко туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Сөзсіз, мен үшін жеңіл салмақтағы боксшылардың ішінде Ломаченконың шоқтығы биік. Бірақ, өкінішке қарай, ол қазір Украинада. Өз отаны үшін соғысып жатыр. Оның шешімін өзгерте алмадық. Украина қаламын деп ашық айтты. Дегенмен алдағы уақытта ол карьерасын қайта жалғастыратын шығар. Мен Василийдің жеңіл салмақта әлем чемпионы болғанын қалаймын",- деп келтіреді Арумның сөзін FightHubTV порталы.
Еске салайық, Ломаченко еліндегі жағдайға байланысты Джорд Камбососпен кездесуден бас тартты. Василий Украинадан кеткім келмеді. Ал бүгін Кабосос Аустралия жерінде әлемнің абсолют чемпионы атағы сарапқа салынған кездесуде америкалық Дэвин Хейниден жеңіліп қалды.
Жарнама