Профи-бокс
2 мамыр 2017 11:56
 
Биыл тағы кем дегенде 3-4 жекпе-жек өткізуді ойластырып отырмын - Асхат Уалиханов

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Уалиханов 28 сәуір күні АҚШ-тың Бурбанк қаласындағы (Калифорния штаты) "Marriott" спорт кешенінде америкалық Эрик Фаулермен кездесіп, жекпе-жектің екінші раундында жеңіске жетті. Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокс шаршы алаңындағы екінші жеңісі еді. Осы жекпе-жектен кейін Уалиханов Vesti.kz порталының тілшісіне жекпе-жек туралы және алдағы жоспарлары туралы айтып берді. 

- Асхат, алдымен жекпе-жек туралы айтып өтсеңіз. Кездесу сіз ойлағандай өтті ме?

 Иә, кездесу мен ойланғандай, мен үшін өте сәтті өтті. Негізі шамалы жұдырықтасып, 4 немесе 5-ші раундта жеңіске жетсем деген ой болған еді. Бірақ бұйырып, ертерек жеңіске жеттім. 

- Кездесуге екі күн қалғанда қарсыласыңыз ауысып кетті. Мұның себебі неде? Жаңа қарсыласыңызды зерттеп үлгердіңіз бе?

- Негізі әуелде менің қарсыласым Антонио Санчес болуы керек еді. Бірақ жекпе-жекке екі күн қалғанда менеджерім қарсыласымның ауысқанын айтты. Не үшін ауысқанын мен нақты білмеймін. Ауырып қалды дегенді естідім. Жаңа қарсыласымды толық зерттедім деп айта алмаймын. Тек бір жекпе-жегін көрдім. 

- Естуімізше, қазір сізде промоутермен келісімшарт жоқ. АҚШ-та өз қаржыңызбен жүрсіз. Соңғы жекпе-жектен кейін промоутерлерден ұсыныс түсті ме?

- АҚШ-қа келгеніме бір жылға жуық уақыт болды. Сол уақыттың ішінде промоутерсіз жүрмін. Қазіргі уақытта маған менеджерім Эгис Климас пен Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов секілді командаластарым көмектесіп жатыр. Жекпе-жектен кейін промоутерлерден ұсыныс болды. Бірақ қазір ол туралы ештеме айтқым келмейді. Келісімшарт жазылған соң жариялаймын деп отырмын. 

- Қазақстанға қашан келесіз?

- Шынымды айтсам, қазір елге оралатын ой жоқ. Промоутермен жұмысымды аяқтауым керек. Мен қазір тек рейтингтік кездесулер өткізіп жатырмын. Сондықтан да мүмкіндігінше көп кездесу өткізгенім дұрыс болар. Сондықтан да Қазақстанға қайту туралы ойланып жүрген жоқпын. Жыл басынды визамды ұзартуға барып келдім. Енді мүмкін қыркүйек айларында барып қалармын. 

- Алдағы жоспарларыңыз туралы айта кетсеңіз ... 

- Қазір менде бір апталық демалыс. Одан кейін жаттығу жұмыстарына кірісемін. Биыл тағы кем дегенде 3-4 жекпе-жек өткізу ойда бар. Сол кезде рейтингке көтеріліп, чемпиондық белбеуге бір табан жақындай түсемін. 

Жарнама

Живи спортом!