Биволмен реванш немесе Головкинмен трилогия ма? Промоутер "Канелоның" жоспарын айтты

©Reuters

Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирн мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) келесі кездесуін ресейлік Дмитрий Биволға (20-0, 11 КО) қарсы өткізеді деп ойлайтынын айтты, деп жазады vRINGe.com порталы. 

Альварес ресейлік боксшымен реваншты ұзаққа созбай өткізеді. Сол үшін оның қыркүйек айына жоспарлаған Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші кездесуі өтпейтін шығар. 

"Келісімшартта реванш туралы қарастырылған. Бірақ екінші кездесуді өткізу немесе өткізбеу тікелей Саульге байланысты. Ешкім Альвареске ақыл айта алмайды. Ол барлығын өзі шешеді. "Канело" қиындықты жақсы төреді. Осыған дейін ол 72,6 келінің, кейін 76,2 келінің үздігі болды. Осы кездесудің алдында мен 79,4 келіде қиын болатынын айттым. Не болғанын барлықтарыңыз көрдіңіздер. 

Егер "Канело" реванш өткізгісі келсе, ал мен оның екінші кездесу өткізгісі келетінін білемін, ол мықтылап дайындалуы керек. Дәл қазір Дмитрийдің өз-өзіне деген сенімі арта түсті. Біз Геннадий Головкинмен жоспар туралы жақсы білеміз. Дегенмен қазір қыркүйек айында Биволмен екінші кездесу өткізу басты мақсат", - деді Хирн.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар