Бивол міндетті қарсыласпен айқасу үшін Абу-Дабиге барды

©instagram.com/bivol_d

Ресейлік кәсіпқой боксшы Дмитрий Бивол  (20-0, 11 КО) міндетті қарсыласы мексикалық Хильберто Рамиреспен (44-0, 30 KO) 5 қарашада жекпе-жек өткізу үшін Абу-Дабиге (БАӘ) барды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Мұнда боксшы өз командасымен жаттығу жұмыстарын өткізіп, жекпе-жекке шығады. 

Бұл кездесуде ресейлік боксшы өзінің чемпиондық белбеуін төртінші рет қорғайды. 

Еске салайық, Бивол WBA Super белбеуін соңғы мәрте мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (58-2-2, 39 KO) қарсы сәтті қорғаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар