Бивол кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты

©ESPN

Жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік боксшы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) алдағы уақытта кіммен кездескісі келетінін айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Негізі Сауль Альварес менімен кездесу өткізбеуі керек еді. Бірақ жекпе-жек өтті. Қалай аяқталғанын білесіз. Енді мен оған құрмет көрсетіп, реванш беруім керек. 

Ал менің басты мақсатым - өз салмағымда абсолют чемпион болу. Мен Джо Смит пен Артур Бетербиев арасындағы кездесудің жеңімпазымен жекпе-жек өткізгім келеді. Бұл мен үшін тағы да бір жақсы сынақ болар еді. Сонымен қатар, осы айқаста мен өз дивизионымның шынымен мықты боксшысы екенімді дәлелдейтін едім", - деп келтіреді Биволдың сөзін The Sun басылымы. 

Еске салайық, Бивол соңғы кездесуін мамырдың басында өткізіп, Сауль "Канело" Альваресті жеңді. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімі бойынша ресейлік 115:113 есебімен басым түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар