Профи-бокс
30 сәуір 2022 15:48

Бивол "Канелоға" қарсы қандай жоспар құрғанын айтты

©Reuters

Жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) өтетін кездесудің маңызды тұстары мен осы айқасқа құрған жоспарын айтты, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

Бұл жекпе-жек 7 мамыр күні Лас-Вегас қаласында өтеді. Жекпе-жекте ресейлік боксшының чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. 

"Біріншіден, осыған дейін "Канелоның" басқа қарсыластарымен тең өткен айқастары болғанын атап өткім келеді. Оны бұған дейін жеңген боксшылар болды. Кез-келген боксшының мықты және осал тұстары бар. Менің басты мақсатым - жекпе-жек кезінде оның қателіктерін сәтті пайдалану. 

Мен оның карьерасындағы ең мықты және ең жылдам қарсыласы емес шығармын. Дегенмен менде боксшыға тән барлық қабілет бар. Алдағы кездесуде бар күшімді саламын. Мұндай жоғары деңгейдегі боксшымен кездескенде қателік жіберуге болмайды", - деді Бивол. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport