Бивол Головкин - "Канело" трилогиясына кедергі болғаны үшін кешірім сұрады

©Reuters

Жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері Дмитрий Бивол мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жеңгеннен кейін промоутер Эдди Хирнге үндеу жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ресейлік боксшы Эдди Хирннен қыркүйек айына жоспарлған Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші кездесуді өткізуге кедергі келтіргені үшін кешірім сұрады. 

"Бүгін мен әлемдегі үздік боксшы екенімді дәлелдегеніме қуаныштымын. Мен белбеуімді сақтап қалдым. Эдди Хирн, Головкинмен трилогия бойынша жоспарыңзды бұзған шығармын. Кешір", - деді Бивол шаршы алаңда. 

Айта кетейік, жекпе-жектен кейін Альварес екінші мәрте Биволмен кездесу өткізуді сұрады. Ал Дмитрий кездесуде дайын екенін айтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар