Профи-бокс
21 наурыз 2017 18:20
 

Билли Джо Сондерс Қазақстанда Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Билли Джо Сондерс Қазақстанда Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты

WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлыбританиялық боксшының ойынша, Головкин ең күшті бабында емес.

"Головкин қартайып жатыр, оның жасы 35-ке келді. Ол өзінің қарапайым адам екенін көрсетті. Оның арманындағы жекпе-жек - ол менімен жұдырықтасу. Мен оның өз еліндегі ең қорқынышты түсі боламын. Мен "Твиттерде" Том Леффлермен сөйлестім, ол маған келісімшарттың бір апта бұрын дайын болғанын айтты. Мен Қазақстанда жекпе-жек өткізуге дайынмын. Мен сіздерге сөз беремін, мен онымен 11 аптадан кейін жұдырықтасуға дайынмын. Бірақ олар егерде 5-6 апатдан кейін шық деп ұсыныс тастайтын болса, мен шықпаймын. Көп адмдар менің құлағанымды көргісі келеді. Сол себепті көрелік, кімнің құлайтынын. Әзірше мен жаттығу жасап жүрмін", - деді Сондерс.

"Егер келісімшарт осы аптада дайын болмаса мен басқа бағытпен барамын. Кәсіптің аты кәсіп. Бұрындары мен жекпе-жекке шығуға қарсы болдым, себебі олардың ұсынысы тым ақылсыз болды. Қазір бәрі өзгерді, ұсыныстары да жақсы. Бірақ мен көп күте алмаймын. Головкинге дейін бірде бір жекпе-жек өткізбеймін. Осыны ұйымдастырайық", - деді ол.

34-жастағы Головкин WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің иесі. Абсолютті әлем чемпионы атағын иелену үшін 27-жастағы Сондерстің WBO белбеуі ғана жетпейді.

Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

blog.share
WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс қазақстандық боксшы
Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлыбританиялық боксшының ойынша, Головкин ең күшті бабында емес.

"Головкин қартайып жатыр, оның жасы 35-ке келді. Ол өзінің қарапайым адам екенін көрсетті. Оның арманындағы жекпе-жек - ол менімен жұдырықтасу. Мен оның өз еліндегі ең қорқынышты түсі боламын. Мен "Твиттерде" Том Леффлермен сөйлестім, ол маған келісімшарттың бір апта бұрын дайын болғанын айтты. Мен Қазақстанда жекпе-жек өткізуге дайынмын. Мен сіздерге сөз беремін, мен онымен 11 аптадан кейін жұдырықтасуға дайынмын. Бірақ олар егерде 5-6 апатдан кейін шық деп ұсыныс тастайтын болса, мен шықпаймын. Көп адмдар менің құлағанымды көргісі келеді. Сол себепті көрелік, кімнің құлайтынын. Әзірше мен жаттығу жасап жүрмін", - деді Сондерс.

"Егер келісімшарт осы аптада дайын болмаса мен басқа бағытпен барамын. Кәсіптің аты кәсіп. Бұрындары мен жекпе-жекке шығуға қарсы болдым, себебі олардың ұсынысы тым ақылсыз болды. Қазір бәрі өзгерді, ұсыныстары да жақсы. Бірақ мен көп күте алмаймын. Головкинге дейін бірде бір жекпе-жек өткізбеймін. Осыны ұйымдастырайық", - деді ол.

34-жастағы Головкин WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің иесі. Абсолютті әлем чемпионы атағын иелену үшін 27-жастағы Сондерстің WBO белбеуі ғана жетпейді.

Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Жарнама

Живи спортом!