ftiQ6pL0NzYBs1Ue7g2WKst6B0CO3fTJcpJDamkV
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Бейбіт Шүменов Қанат Исламмен бірге жасап жатқан жұмысы туралы айтып берді

Бейбіт Шүменов Қанат Исламмен бірге жасап жатқан жұмысы туралы айтып берді
Бейбіт Шүменов. ©:undisputedfightmag.com
Қазақ боксы тарихында тұңғыш рет екі салмақ бойынша әлем чемпионы атанған Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) Vesti.kz порталының тілшісіне Қанат Исламмен (25-0, 20 КО) бірге жасап жатқан жұмысы және алдағы жоспарлары туралы айтып берді. 

Еске салайық, желтоқсан айының басында Қанат Ислам Шымкентте Бейбіт Шүменовтың бастамасымен жаттыққан еді.

- Біз Қанатпен 2001 жылдан бері дос болып келеміз. Мен жуырда Мәскеуде бір шаруларыммен болған едім. Сол кезде ол маған қоңырау шалды. Қазір оның промоутері және бапкерімен бір түсініксіз жағдай болып жатыр. Ол мені Алматыға шақырды. Мен бір күнге Алматыға ұшып келдім. Сөйлесіп алдық. 

Әрине, Қанат менің досым. Сондықтан оған көмек беруден ешқашан қашпаймын. Қолымнан келгенше көмектесемін. Промоутері және бапкерімен болып жатқан мәселелерді шешуге. Тәжірибемен де алмасып алдық. Оған менің методикам ұнады. Сөйтіп, бірге жаттығу туралы шешімге келдік. 

- Демек сіздер алдағы уақытта да бірге жұмыс істейсіздер ғой, иә?

- Иә. Қазақстандағы кәсіпқой боксты екеулеп дамытатын шығармыз. Басқа жігіттер бұл бағытта көп жұмыс істеп жатыр. Қанаттың ісіне байланысты және менің мәселелерім бойынша Америкада барайын деп жатырмыз. Жаңа жылға дейін емес шығар. Өйткені, үлгермейміз. 2018 жылы барып промоутерлермен келіссөз жасап, бірге жұмыс істейміз. 

Айта кетейік, қараша айының соңында Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) Қанат Ислам мен осы салмақта рейтингте екінші тұрған америкалық Джон Вера арасындағы кездесудің өтуін міндеттеген еді. Бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы чемпионнның міндетті қарсыласы болады. Екі боксшының командасында жекпе-жекті ұйымдастыруға 30 күн бар. Кері жағдайда кездесу бәссаудаға қойлады.

Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

Ал Бейбіт Шүменов болса жарақатына байланысты карьерасын аяқтаған еді. Бірақ ол бүгін біздің порталға берген сұқбатында шаршы алаңға қайта оралуды ойластырып жүргенін айтып берді. 






Ставки на спорт!
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар