Белгілі комментатор Головкин мен "Канело" трилогиясына пікір білдірді

©twitter.com/GGGBoxing

Танымал ресейлік комментатор  Дмитрий Губерниев қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасында өтетін үшінші кездесуі туралы ойын білдірді, деп жазады "МК". 

"Бір-біріне лайықты қарсылас. Болжам жасау өте қиын. Сондықтан болжам жасаудың орнына жекпе-жектен ләззәт алғанды жөн көремін", - деді Губерниев. 

Айта кетейік, трилогия 18 қыркүйек күні Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өтеді. Бұл жекпе-жекте екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы атағы сарапқа салынады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар