Профи-бокс
19 қазан 2021 12:28
 

Бекзат Нұрдәулетов неге кәсіпқой боксқа ауысып кеткенін түсіндірді

  Пікірлер

blog.share

Бекзат Нұрдәулетов неге кәсіпқой боксқа ауысып кеткенін түсіндірді ©ҚФБ

Әуесқойлар арасында әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (2-0, 1 КО) Айбек Мұқановқа берген сұқбатында не үшін кәсіпқой боксқа ауысып кеткенін, келесі кездесу жайлы және Қазақстан құрамасы туралы айтып берді. 

blog.share

Әуесқойлар арасында әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (2-0, 1 КО) Айбек Мұқановқа берген сұқбатында не үшін кәсіпқой боксқа ауысып кеткенін, келесі кездесу жайлы және Қазақстан құрамасы туралы айтып берді. 

- Бекзат, бұған дейін кәсіпқой бокста екі кездесу өткіздің. Енді сол кәсіпқойға түбегейлі ауыстың. Ұлттық құрамадан неге кеттің?

- Иә, мен екі рет кәсіпқой бокста жұдырықтасып көрдім. Ол кезде карантин болып, әуесқойлар арасындағы жарыстар болмады. Енді өз уақытымды тиімді пайдалану үшін түбегейлі кәсіпқой боксқа ауысып отырмын. Мұндай шешімді мен Олимпиададан кейін шығардым. Бірақ егер Қазақстан атынан жарысқа шығуға мүмкіндік болып жатса, мен кез-келген уақытта қайтып келуге дайынмын. Ұлттық құраманың бапкерлері шақырса болды, ел намысын қорғаймын. 

- ADAL Promotions компаниясымен қанша жылға келісімшарт жасадың? Кім жаттықтыратын болады?

- Біз үш жылға келісімшарт жасадық. Содан соң шартнаманы тағы екі жылға созуға болады. Кәсіпқой бокста да мені өз бапкерім Марат Жақиев жаттықтырады. 

- Келесі кездесуің қашан өтеді?

- 6 қараша күні Ақтау қаласындағы "Халық Арена" спорт кешенінде өтеді. Менің қарсыласым - өзбек боксшысы Фарруз Джураев. Ол Ресейде жаттығады. Кәсіпқой бокста он бір кездесу өткізіп, сегізінде жеңіске жеткен. 

- Сіздің әуесқой бокста орындалмай қалған арманыңыз бар ма?

- Әрине. Токиодағы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткім келген. Алайда өмірде барлық нәрсе сен ойлағандай бола бермейді. Жастар арасында әлем біріншілігінің қола жүлдегері, ересектер арасында әлем чемпионы атандым. Осыған да шүкір деймін. Енді кәсіпқой бокста биік белестерді бағындырса деген ниет бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!