Профи-бокс
22 қазан 2020 16:57

Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 14 жеңісі бар қарсыласқа қарсы өткізеді

Сурет: olympic.kz©
Өткен жылы әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанған 22 жастағы Бекзад Нұрдәулетовтің кәсіпқой бокстағы бірінші қарсыласы анықталды,- деп хабарлайды "SULEIMEN Promotions" промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі. 

Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 31 қазан күні Атырау қаласында өткізеді. Оның қарсыласы 28 жастағы танзаниялық боксшы Ибрагим Маокола (14-9, 9КО) болады. 

Сондай-ақ, бұл бокс кешінде 2017 жылы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері Абылайхан Жүсіпов те шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы 24 жастағы танзаниялық Мешак Мванкемва (14-9, 9КО) болады. 

Айта кетейік, Нұрдәулетов пен Жүсіпов әуесқой бокста Қазақстан құрамасының лидерлері. Бұл екі боксшы да Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алған.