auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бекман Сойлыбаевтың міндетті қарсыласы жеңіске жетті

Бекман Сойлыбаевтың міндетті қарсыласы жеңіске жетті
Бекман Сойлыбаевтың WBC International чемпиондық атағынан міндетті үміткер аргентиналық боксшы Орацио Кабрал кәсіпқой шаршы алаңдағы кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Сегіз раундқа жоспарланған Буэнос-Айрестегі айқаста Кабрал төрешілердің бірауызды шешімімен өзінің отандасы Роберто Франсиско Огасаны Огасаны (6-5-2, 2 KO) ұтты. Осылайша Орацио WBC рейтингінің екінші жеңіл салмақ дәрежесінде 22-орынға көтерілді. Сондай-ақ, Кабралдың еншісінде WBC International silver чемпиондық атағы бар. Жалпы, кәсіпқой рингте аталмыш боксшы 20 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде ғана жеңілістің кермек дәмін татты. Қалған 19 айқастың барлығында қарсыластарынан абсым болды.

"Бұл туралы естідім. Соңғы айқасында оңай жеңіске жетіпті. Негізі, Орацио Кабрал – өте мықты боксшы. Кез келген қашықтықтан соққы жасай алады. Бірақ, біздің айқасымыз мүлдем басқаша болады. Екеуміз кездесетін күнді асыға күтіп жүрмін. Қызық жекпе-жек болады деп ойлаймын. Өзім ақырындап жаттығуды бастадым. Жаздың соңына таман толық дайын боламын" – деді Кабрал жайлы Бекман Сойлыбаевтың өзі.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік бокс кеңесінің ережесі бойынша WBC International белбеуінің иегері өзінің чемпиондық атағын айқастан кейінгі алты айдың ішінде қорғауы тиіс. Сойлыбаев пен Кабралдың арасындағы жекпе-жек осы жаздың соңында Астана қаласында өтеді деп күтілуде.

Жалпы, қазіргі таңда Бекман Сойлыбаевтың еншісінде 11 айқас бар. Барлығында жеңіске жетіп, соның төртеуінде қарсыластарын нокаутқа жіберген. Соңғы айқасын 30 сәуір күні Мексиканың Чиуауа қаласында өткізіп, екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуін жеңіп алған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама