Бекман Сойлыбаев Лас-Вегаста WBC титулын қорғап қалды
Бекман Сойлыбаев. © Diamond Ring
Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев Бүкіләлемдік бокс кеңесінің титулын (WBC International екінші жартылай жеңіл салмағы) қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
27 жастағы Сойлыбаев 39 жастағы мексикалық Фернандо Варгасты төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңді. Кездесу Лас-Вегаста өтіп, 10 раундқа созылды. Кездесу Golden Boy Promotions бокс кешінің аясында АҚШ-тың жетекші телеарналарының бірі - ESPN арнасында көрсетілді.
Айта кетейік, жеңіліп көрмеген Сойлыбаев кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Варгас болса кәсіпқой бокстағы 33-ші кездесуін өткізіп, төртінші рет жеңіліс тауып отыр.
Ал бокс кешінің басты оқиғасы орта салмақта жұдырықтасатын пуэрториколық Габриэль Росадо (23-11, 13 КО) мен америкалық Глен Тапианың (23-4, 15 КО) арасында өтетін жекпе-жек болады.

Жарнама