Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың (12-1, 4 КО) келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Отандасымыз келесі кездесуін 5 ақпан күні Ақтау қаласында Adal Promotions ұйымдастыратын кеште өткізеді. Ал BoxRec.com ақпараты бойынша, Сойлыбаевтың қарсыласы 26 жастағы мексикалық Элиот Чавес (10-3-1, 6 КО) болады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, Бекман соңғы кездесуін өткен жылдың тамыз айында Дубайда (БАӘ) өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша мексикалық Рамиро Сесеннен (14-0-1, 11 КО) ұтылып қалды.
Чавес болса кейінгі айқасын отанында өткізіп, Иван Монройдан (7-5, 7 КО) үстем түскен. Элиот өзінің барлық кездесулерін Мексика жерінде өткізген.