Бек Нұрмағанбеттің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (5-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы келесі кездесуіне дайындықты бастады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне дереккөз айтты.
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (5-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы келесі кездесуіне дайындықты бастады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне дереккөз айтты.
Біздің қолда бар ақпарат бойынша, Нұрмағанбет келесі кездесуін желтоқсан айында өткізеді. Айқастың нақты қашан және қайда өтетіні алдағы уақытта анықталады. Бірақ боксшының елімізде өтетін кештердің бірінде шаршы алаңға шығады. Қазір ол Алматыда командасымен сол кездесуге дайындық өткізуде.
Айта кетейік, Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп, 30 жастағы мексикалық боксшы Бруно Сандоваладан (21-5-1, 17 КО) айласын асырып, WBA International белбеуін жеңіп алды.
Кейін 23 жастағы отандасымыз әуесқойлар арасында қайта оралып, әлем чемпионатында бағын сынаған еді. Бірақ Белградтағы біріншіліктің бірінші айналымында ол бразилиялық Кено Мачадодан ұтылып қалды.
Бек Нұрмағанбет - әуесқойлар арасында 2019 жылғы Азия чемпионы. Ол 2020 жылдың маусым айында кәсіпқой боксқа ауысып, бес кездесу өткізіп үлгерді. Оның айқастарын Suleimen Promotion промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.
Жарнама