Бек Нұрмағанбет келесі кездесуін 35 жастағы аргентиналыққа қарсы өткізеді

©instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бек Нурмағанбеттің (5-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

BoxRec ақпараты бойынша, отандасымыз шаршы алаңға 24 желтоқсан күні оралады. Бұл күні ол Мәскеу қаласында 35 жастағы аргентиналық Роландо Мансильямен (17-9-1, 7 КО) кездеседі. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. 

Еске салайық, 23 жастағы Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп, 30 жастағы мексикалық Бруно Сандовалды (21-5-1, 17 КО) жеңіп, WBA International белбеуін қорғап қалды. 

Содан соң Бек Қазақстан құрамасымен бірге Сербиядағы әлем біріншілігінде бағын сынады, бірақ Белградта ол 1/16 финалда жеңіліп қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар