Батыр Жүкембаевтың шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Сурет: Eye Of The Tiger Managеment©

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев шаршы алаңға (18-1, 14 КО) биыл қайта шығуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz порталының тілішісіне дереккөз айтты. Тіпті оның қарсыласы болуы мүмкін деген де боксшының есімі белгілі. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, қазақстандық боксшы Eye Of The Tiger Managеment компаниясымен жұмыс істейтін канадалық боксшы Ив Улисспен (20-2, 11 КО) жекпе-жек өткізуі ықтимал. Бұл кездесу жыл соңында Канадада өтетін бокс кешінің басты айқасы болады. 

Еске салайық, Жүкембаев соңғы кездесуін 30 мамыр күні Лос-Анджелес қаласында өткізіп, пуэрторикалық Сабриэль Матиастан (17-1-0, 17 KO) жеңіліп қалды. Кездесудің төртінші раундында Батыр нокдаун алып қалды. Ал сегізінші раундта кейін қазақстандық айқасты жалғастырудан бас тартты. 

 

Метки:
Жаңалықтар