Батыр Жүкембаевтың АҚШ-тағы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Сурет: Eye of the Tiger Management
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 KO) келесі кездесуін 10-наурыз күні АҚШ жерінде өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Жеңілістің кермек дәмін татпаған жерлесіміз Коннектикут штатындағы Анкасвилле қаласында Mohegan Sun спорт кешенінде өткізеді. Бұл кездесудің тікелей трансляциясын АҚШ жерінде Showtime телеарнасы көрсетеді. 



Айта кетейік, Жүкембаев бұған дейін кәсіпқой бокстағы барлық кездесулерін Канада өткізеді. Ол жақта отандасымыз Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді. Жуырда ол АҚШ-қа көшіп, енді кездесулерін сол жақта өткізуге ниетті. 

Соңғы рет Батыр шаршы алаңға өткен жылдың қаңтар айында Монреаль қаласында өткізіп, мексикалық боксшы Рикардо Ларудан (22-8, 10 КО) үстем түсті. 






Метки:
Жаңалықтар