"Келесі кездесу жыл соңына дейін өту керек. Ол кездесу Қазақстанда өтпейді. Бұған жүз пайыз сенімдімін. Ресей, Канада немесе АҚШ жерінде өтуі мүмкін. Біз негізі жекпе-жекті Ресейде өткізгіміз келген. Бірақ пандемия кедергі болды.
Жалпы мен жекпе-жекті АҚШ-та өткізгім келген. Дегенмен қазір жағдай оңай емес. Спортшыға тоқтауға болмайды. Қарқынды ұстап тұру керек. Қайда екені маңызды емес, маған кездесу өткізу керек", - деді боксшы.
29 жастағы Жүкембаев кәсіпқой боксқа 2015 жылы ауысып, Канада жерінде 18 жекпе-жек өткізді. Қазіргі уақытқа дейін отандасымыз әлі жеңілмеген. Ол WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерінің иегері. Соңғы рет ол шаршы алаңға қаңтар айында Монреал қаласында шығып, мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутпен жеңді.