Олар Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino аренасында өткен бокс кешінің басты кездесуінде жұдырықтасты. Жекпе-жек он раундқа есептелген, алайда екінші кезеңде кездесу аяқталды. Екінші раундта Жүкембаев қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді, осыдан кейін Лара есін жия алмады. Осылайша кездесудің төрешісі жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Қазақстандық боксшы бірінші рет WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғау керек болған, алайда жекпе-жекте ешқандай чемпиондық титул сарапқа салынбайтын болды.
Ресми салмақ өлшеу рәсімінде Жүкембаев 141,6 фунт болды, ал Лара - 139,8. Қазақстандық боксшы қарсыласынан 816 грамға ауыр болды - 64,228 келі. Бірінші жартылай орта салмақта рұқсат етілген салмақ - 140 фунт (63,503 келі), алайда келісімшарт талаптары бойынша қарсыластар 142 фунттан (64,410 келі) аспаса болды.