auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутқа түсірді

Жекпе-жек он раундқа есептелген, алайда мерзімінен бұрын аяқталды.

Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутқа түсірді
© eottm.com
Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олар Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino аренасында өткен бокс кешінің басты кездесуінде жұдырықтасты. Жекпе-жек он раундқа есептелген, алайда екінші кезеңде кездесу аяқталды. Екінші раундта Жүкембаев қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді, осыдан кейін Лара есін жия алмады. Осылайша кездесудің төрешісі жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Қазақстандық боксшы бірінші рет WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғау керек болған, алайда жекпе-жекте ешқандай чемпиондық титул сарапқа салынбайтын болды.

Ресми салмақ өлшеу рәсімінде Жүкембаев 141,6 фунт болды, ал Лара - 139,8. Қазақстандық боксшы қарсыласынан 816 грамға ауыр болды - 64,228 келі. Бірінші жартылай орта салмақта рұқсат етілген салмақ - 140 фунт (63,503 келі), алайда келісімшарт талаптары бойынша қарсыластар 142 фунттан (64,410 келі) аспаса болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар