Профи-бокс
2 маусым 2021 18:45
 

Батыр Жүкембаев жеңіліп қалған жекпе-жегі туралы алғаш рет пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Батыр Жүкембаев жеңіліп қалған жекпе-жегі туралы алғаш рет пікір білдірді Сурет боксшының әлеуметтік желісінен алынды.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев  (18-1, 14 КО) пуэрториколық Сабриэль Матиастан (17-1, 17 КО) жеңілгеннен кейінгі бірінші пікірін білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев  (18-1, 14 КО) пуэрториколық Сабриэль Матиастан (17-1, 17 КО) жеңілгеннен кейінгі бірінші пікірін білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Боксшы Instagram парақшасында жазба қалдырып, онда өзінің болашағы туралы да айтты. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы АҚШ жерінде алғашқы кездесуін өткізіп, жеңіліп қалған болатын. Ал оның қарсыласы IBF белбеуі чемпионының міндетті қарсыласы атанды. 

"Қандай жағдайда да, Аллахқа шүкір етемiн! Бойымыздағы тектілік пен намыс бізді әркез алға жетелеген! Қандай сынақтар болмасын, осы қасиеттер бізге сынуға мүмкіндік бермейді!

Қарсыласты лайықты бағалаймын. Бұл жекпе-жек мен үшін ұлы ұмтылыстарға аттанатын жаңаша жол болмақ. Мен артымда үміт артқан миллиондаған қазақтың қолдауын сеземін! Таяу уақытта жаттығуға қайта оралып, мақсатыма жету үшін барымды саламын.Мен қарымта айқасқа дайынмын!", - деп жазды боксшы. 

 

 

Жарнама

Живи спортом!