Батыр Жүкембаев жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінде қарсыласынан ауыр болып шықты

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) пен мексикалық Рикардо Лара (22-7, 10 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олар Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino аренасында өтетін бокс кешінің басты кездесуінде жұдырықтасады. Қазақстандық боксшы бірінші рет WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғау керек болған, алайда жекпе-жекте ешқандай чемпиондық титул сарапқа салынбайтын болды. 

Ресми салмақ өлшеу рәсімінде Жүкембаев 141,6 фунт болды, ал Лара - 139,8. Қазақстандық боксшы қарсыласынан 816 грамға ауыр болды - 64,228 келі. Бірінші жартылай орта салмақта рұқсат етілген салмақ - 140 фунт (63,503 келі), алайда келісімшарт талаптары бойынша қарсыластар 142 фунттан (64,410 келі) аспаса болды.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz (@vestikzsport)

24 Янв 2020 в 11:09 PST

Жүкембаев - Лара жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 29 қаңтарда таңғы уақытта өтеді. Қазақстанда осы кездесуді тіккелей эфирден өкрсетеді. 

Жаңалықтар