Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14-14 КО) пен пуэрториколық панчер Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО) жекпе-жек алдында бетпе-бет кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Бұл айқас жексенбі, 30 мамыр күні Лос-Анджелес (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында Нұр-Cұлтан уақытымен таңда өтеді. Айқаста жеңген боксшы жартылай орта салмақтағы IBF белбеуінің міндетті қарсыласы атанады. Қазақстанда жекпе-жекті "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Бұл Жүкембаев үшін АҚШ жеріндегі бірінші кездесуі болады. Бұған дейін ол жекпе-жектерінің барлығын Канадада өткізіп келген еді.