Батыр Жүкембаев АҚШ-тағы жекпе-жегіне дайындығын бастады

Батыр Жүкембаев. Сурет: Vesti.kz©
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) АҚШ жерінде өтетін жекпе-жегіне дайындықты бастады. Бұл туралы боксшы Instagram парақшасында жазды. 

Соңғы рет шаршы алаңға 2020 жылы Монреальда шығып, мексикалық Рикардо Ларуды (22-8, 10 КО) нокаутпен жеңді. Жүкембаевтың содан кейінгі кездесуі өткен жылдың соңында өтуі керек еді. Бірақ бұл айқас пандемияға байланысты өтпей қалды. Қазіргі уақытта ол бірінші жартылай орта салмақтағы WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерінің иегері. 

"Жаңа жоспар, жаңа деңгей, жаңа бағыт. Енді чемпиондық жорықты, оқу-жаттығу жиындарын АҚШ-та жалғастырамын", - деп жазды Жүкембаев әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Метки:
Жаңалықтар