auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Барнеттің Жақияновпен өткен кездесуден кейін не үшін допинг сынақтан өтпегені белгілі болды

Жекпе-жек 21 қазан күні Белфестте өткен еді.

Барнеттің Жақияновпен өткен кездесуден кейін не үшін допинг сынақтан өтпегені белгілі болды
Reuters©
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақияновтың менеджері Филипп Фондю Халықаралық бокс федерациясына (IBF) ресми хат жіберіпті. Онда отандасымыздың соңғы қарсыласы Райан Барнеттің жарақаты көрсетілген екен. Сол үшін де британдық боксшы жекпе-жектен кейін допинг сынақтан өтпеген. Осы орайда Vesti.kz құжаттың кейбір бөлігін жариялап отыр. 

Жеңіл салмақта WBA және IBF белбеулерін біріктірген жекпе-жек 21 қазан күні Барнеттің туған қаласы Белфестте өткен болатын. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті британдық боксшыға берді. Осылайша Барнетт IBF белбеуін сәтті қорғап, Жақияновтың WBA (Super) белбеуіне ие болды.

Жекпе-жектен кейін екі боксшы да міндеттелген допинг сынақтан өтуі керек болатын. Жақиянов сынаманы тапсырса, Барнетт келмеген. Оған себеп британдық боксшының емханаға кетуі болған. Осы жағдайға байланысты Жақияновтың командасы WBA және IBF ұйымдарына шағым білдірді. Бірақ бұл шағымды ешкім де қарастырмады.

"IBF 7 қараша күні промоутер Эдди Хирннан медициналық хат алды. Онда Райан Барнеттің иығынан жарақат алғаны, 2018 жылдың ақпан айына дейін жекпе-жек өткізе алмайтыны жазылған. Британдық боксшы шамамен 2018 жылдың 21 ақпанында ғана шаршы алаңға қайта оралады деп жоспарланып отыр. 

Бірақ бұл хатта Барнеттің Жақияновпен өткен кездесуден кейін не үшін допинг сынақтан өтпегені айтылмаған. Дегенмен де қазірдің өзінде Барнеттке болашақ қарсыласын анықтап жатыр. Бұл дегеніміз, британдық боксшы соңғы кездесуі үшін ешқандай жазаға тартылмайды деген сөз. 

Медициналық сараптама Кеңестің директорларының талқысынан өтеді. Дегенмен де IBF жуық арадаға Барнеттке тиесілі белбеудің міндетті қарсыласын жариялайды", - делінген құжатты.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар