auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Барнетт Жақияновпен өткен кездесуде допинг қабылдауы әбден мүмкін - қазақстандық маман

Барнетт жекпе-жектен допинг сынақтан өтпеді.

Барнетт Жақияновпен өткен кездесуде допинг қабылдауы әбден мүмкін - қазақстандық маман
Reuters©
Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz порталының тілшісіне қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың (27-2, 18 КО) командасының британдық боксшы Райан Барнеттің (18-0, 9 КО) жекпе-жектен соң допинг сынақтан өтпегені үшін WBA және IBF ұйымдарына шағым білдіруіне байланысты ойымен бөлісті. 

Жеңіл салмақта WBA және IBF белбеулерін біріктірген жекпе-жек 21 қазан күні Барнеттің туған қаласы Белфестте өткен болатын. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті британдық боксшыға берді. Осылайша Барнетт IBF белбеуін сәтті қорғап, Жақияновтың WBA (Super) белбеуіне ие болды.

- Чемпиондық белбеу сарапқа салынған кезде боксшылар жекпе-жектен міндетті түрде допинг сынақтан өтіп тұрулары керек. Барнеттің командасы емханаға бару туралы дүниені допинг сынақтан өтпеуі үшін әдей ойлап табуы мүмкін. Мен жекпе-жекті көрдім. Екі боксшы да теңдей дәрежеде жұдырықтасты. Жекпе-жектен кейін Барнеттің жағдайы қиын болды деп айта алмаймын. Қалай болған жағдайда да Барнетт жекпе-жектен кейін допинг сынақ тапсыруы керек еді. Содан соң да емханаға баруға болады", - дейді Демьяненко. 

- Демек, енді белбеу Жақияновта қалып, Барнетті бокстан шеттетеді ме?

- Ереже бойынша белбеуді Жақияновқа қайтарып беру керек. Бірақ Барнетті бокстан шеттету ешкімге керек емес. Одан не пайда? Ұйымдастырушыларға белбеуді қайтарып, екінші жекпе-жекті ұйымдастыра салған дұрыс. 

- Қалай ойлайсыз, Барнетт допинг қабылдауы мүмкін бе?

- Нақты айта алмаймын. Бір білерім, Барнетт "таза" емес. Таза болса бірден допинг сынақтан өтуі керек еді. Мен Жақиянов пен оның проомутеріммен сөйлесіп алуым керек. Мәселенің мән-жайын ашып, сосын нақты айта аламын. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар