"Барлық белбеуді біріктіретін уақыт келді". 22 нокауты бар әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

©premierboxingchampions.com

Орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) осы салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекке шақырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Кел қане, жекпе-жек ұйымдастырайық. Мен оны жеңе аламын. Головкинге қиындық туғызған Деревянченконы қалай жеңгенімді қараңыздар. Негізі мен егде жастағы қарсыласты (Головкинді) таңдағым келмейді. Бірақ Геннадийде чемпиондық белбеу бар. Қазір белбеулерді біріктіретін уақыт келді", - деді Чарло.

Дегенмен америкалық Головкинмен кездескісі келетін бірінші боксшы емес. Бұған дейін отандасымызды екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы британдық кіші Крис Юбенк (31-2, 23 КО) те айқасқа шақырған. Тіпті бұл боксшылар 2022 жылдың мамыр айында кездесу өткізеді деген ақпарат та шықты. 

Еске салайық, Чарло маусым айында мексикалық Хуан Масиас Монтиэльді (22-5-2, 22 KO) жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалды. 

Ал Головиннің желтоқсан айында WBA белбеуінің суперчемпионы жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездесуі белгіленген. Бұл Головкин үшін биылғы бірінші кездесу болмақ. 

Қазақстандық боксшы өзінің соңғы кездесуін былтыр желтоқсан айында өткізіп, польшалық Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутпен жеңген еді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар