Бапкер "Канелоның" келесі қарсыласы кім болатынын айтып берді

©fightnews.info

Супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварестің бапкері әрі менеджері Эдди Рейноса мексикалық боксшының келесі қарсыласы кім болатынын айтты, деп жазады Fightnews.info порталы. 

"Бізде ұсыныс көп. Келесі қарсылас ретінде Чарло, Бетербиев, Бивол және Смитті қарастыруға болады. Бірақ "Канелоға" америкалық Джермалл Чарломен кездесу өткізу қызық болып тұр. Бұл бүкіл әлемнің назарын аударатын айқас болады", - деді Рейноса. 

Сондай-ақ, бапкер Альварес 2022 жылы екі ғана кездесу өткізетінін айтты. 

"Сауль биыл тек екі жекпе-жек қана өткізеді. Себебі, ол демалу керек. Өткен жылдары біз қатарынан төрт кездесу өткізіп жүрдік. Сондықтан ол шамалы шаршады. Енді "Канело" ақпанға дейін демалады. Сосын дайындықты бастайды", - деді маман. 

Айта кетейік, Альварес соңғы кездесуін америкалық Калеб Плантқа қарсы өткізіп, әлемнің абсолют чемпионы атанған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар