Бапкер Қанат Исламның шаршы алаңға қашан оралатынын айтты
Роджер Ромо. Сурет: instagram.com/roger_romo©
Орта салмақта өнер көрсететін Қанат Исламның (27-0, 21 КО) бапкері Роджер Ромо Vesti.kz тілшісіне отандасымыздың қазан айына жоспарланған кездесуі неге кейінге шегерілгенін айтты. Сондай-ақ ол боксшының енді шаршы алаңға қашан оралатынын мәлімдеді.
"Дайындық жақсы жүріп жатыр. Ол қазір Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) қаласында KO Addiction спортзалында дайындалуда. Әр-түрлі қарсыластармен спарринг өтізіп жатырмыз. Бірақ олардың атын айта алмаймын. Иә, оның жекпе-жегі кейінге шегерілді. Оған себеп, қарсылас. Қазіргі жағдайда қарсылас табу қиын болып тұр. Келесі кездесуін ол желтоқсан немесе қаңтар айында өткізетін шығар.
Менің ойымша, Қанат үлкен жекпе-жектерге дайын. Оның өзі мықты боксшылардың бірімен кездескісі келеді. Бір кездесу өткізіп алайық. Содан соң мықты қарсыластарға шығамыз. Ислам керемет боксшы. Өте ақылды әрі тәжірибелі. Бұрын ол өзінің қара күшіне қатты сенетін. Қазір енді ақылмен жұдырықтастатын болды", - дейді Рома.
Айта кетейік, BoxRec порталының ақпараты бойынша, Исламның келесі кездесуі 16 қазан күні өтуі керек болатын. Әу баста отандасымыздың қарсыласы 23 жастағы аргентиналық Гонсало Кория (16-3, 6 КО) болуы керек еді. Бірақ ол екінші бір отандасымыз Жәнібек Әлімханұлымен (8-0, 4 КО) шығатын болды. Кейін Қанат Ислам 32 жастағы мексикалық Хесус Гурроламен (27-3-15, 14 КО) кездесу керек болатын. Бірақ ол виза мәселесіне байланысты АҚШ жеріне келе алмай қалды.
Жалпы Қанат Исламның шаршы алаңға шықпағанына бір жылдай уақыт болды. Ол соңғы рет 2019 жылы 26 қазан күні Алматы қаласында намибиялық Уолтер Каутондоквамен кездесіп, WBO International белбеуін жеңіп алды.

Жарнама