Бапкер Головкиннің Шереметамен өтетін кездесудің алдында дайындығы қалай өткенін айтты
Сурет: underthehandwraps.com
Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) бапкері Джонатан Бэнкс отандасымыздың польшалық Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы кездесуге қалай дайындалғанын айтып берді,- деп жазады Boxingscene.com порталы.
"Жаттығу керемет өтті. Геннадий өзін жақсы сезінді. Біз алдымен жылдамдыққа жұмыс істедік. Содан соң физикаға көңіл бөлдік. Головкин жаттығуға 76 киломен кірісті. Пандемияға қарамастан ол үнемі бабында жүрді. Ол 2010 жылдан бері орта салмақта өнер көрсетеді. Бұл - оның салмағы. Әрдайым осы салмақта жұдырықтасуға дайын жүреді. Жаттығуды жақсы аяқтадық. Енді нәтижесін рингте көреміз",- деді бапкер.
Айта кетейік, Головкин өзінің келесі кездесуін Қазақстан уақытымен 19-желтоқсан күні өткізеді. Камил Шереметамен өтетін айқаста отандасымыз 21-рет чемпиондық белбеуін қорғайды.

Жарнама