auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бапкер Айдос Ербосынұлының жекпе-жекті неге тоқтатпағанын айтып берді

Бапкер Айдос Ербосынұлының жекпе-жекті неге тоқтатпағанын айтып берді
©instagram.com/suleimen_promotions_official

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының бапкерлерінің бірі Эмануэль Савой кубалық Давид Моррелге қарсы кездесу неге ерте тоқтатылмағанын айтып берді, деп жазады ESPN порталы.

Бұл кездесу 6 қараша күні Мннеаполис (АҚШ) қаласында өтті. Жекпе-жектің 12-раундында Ербосынұлы нокаутпен жеңілді. Кездесуден кейін дәрігерлер оны рингтен зембілмен алып кетті. Ал кеше Айдосқа операция жасалды. 

Бас бапкердің көмекшісі Савойдың айтуынша, ол оныншы раундтан кейін кездесуді тоқтатқысы келген. Бірақ боксшының өзі мен бас бапкері Қанат Орақбаев айқасты жалғастыра беруді жөн санаған. 

"Негізі менің қолымда ақ орамал болды. Мен оны лақтыруға дайын едім. Бірақ Айдостың өзі кездесуді жалғастырғысы келді. Оның бас бапкері (Орақбаев - ред) де жалғастыруда жөн санады. Қанат Айдостың жағдайын көріп, бәрі жақсы деді.

Нокдауннан кейін де Айдостың жағдайы дұрыс еді. Есінен танған жоқ. Төрешіні танып тұрды. Ол басын көтеріп, кездесуді жалғастырғысы келетінін айтты. Ербосынұлы соңына дейін барғысы келді. Айдос - керемет жігіт. 

Қазір мен ол туралы айтқым келмейді. Ойласам уайымдап кете беремін. Тек Айдос тезірек жазылып кетеді деп ойлағым келеді", - деді ол. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама