Кәсіпқой бокс
Бүгін 12:29

Баходир Жалоловтың кәсіпқой бокстағы кезекті қарсыласы белгілі болды

©Турар Казагапов/Vesti.kz

Екі дүркін Олимпиада чемпионы атағына ие өзбек боксшысы Баходир Жалоловтың кәсіпқой бокстағы кезекті қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz

Өзбек журналисі Жалол Ахмедов хабарлағандай, Баходир 9 мамыр күні хорват боксшысы Агрон Смакичимен жұдырықтасады. 

Екі боксшы бұған дейін де жұдырықтасуға келіскен. Алайда 2024 жылы Баходирдің орнына Жахонгир Зокиров шығып, Агронды төрешілердің бірауыз шешімі бойынша жеңіп шыққан болатын. 

Бұған дейін Бахoдир Джалолов 9 мамыр күні Манчестер өтетін жекпе-жегін жариялаған болатын, алайда қарсыласының есімін нақтыламаған еді.

Соңғы рет ол 2025 жылдың қараша айында Ташкент рингке шығып, нигериялық Соломон Адебайоны нокаутпен жеңген.

Қазіргі таңда Бахoдир Джалоловтың кәсіби рекорды – 17 жеңіс, оның 15-і нокаутпен аяқталған. Өзбекстандық боксшы кәсіпқой мансабында әлі жеңілмеген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport