Азия чемпионы мен басқа да қазақстандық боксшылар жекпе-жек өткізу үшін АҚШ-қа аттанды

©Suleimen Promotions

Бүгін, 12 шілдеде Бек Нұрмағанбет (7-0, 5 КО), Евгений Павлов (7-0, 5 КО) және Әбілхан Аманқұл (1-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін өткізу үшін АҚШ-қа аттанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Suleimen Promotions промоутерлік компаниясының боксшылары бұл елде бір ай дайындалады. Ал жаттығуды Қанат Орақбаев өткізеді. Дайындық Лос-Анджелес немесе Лас-Вегас қалаларында болады. 

Еске салайық, бұл үш боксшы да Миннеаполис (Миннесота) штатындағы бокс кешінде өнер көрсетті. Азия чемпионы Нұрмағанбет америкалық Хайнелл Уилерді (7-2, 6 КО) екінші раундта, ал Евгений Павлов мексикалық Алексис Салидоны (2-3, 1 КО) үшінші раундта нокаутқа түсірді, Аманқұл болса Девонте Макдональдтан (1-1, 1 КО) үстем түсті. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар