22 жастағы Нұрмағанбеттің кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегі 26 шілде күні Минск қаласында өтті. Оның қарсыласы 23 жастағы венгриялық боксшы Тамас Ласка (19-22-1) болды. Кездесудің бірінші раундында-ақ отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Бұл кездесуден кейін Нұрмағанбет BoxRec рейтингінде жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін боксшылар арасында 651 орынға жайғасты.
Айта кетейік, шымкенттік боксшы 2018 жылы Азия біріншілігінде 81 келі салмақта топ жарды. Биыл қыркүйек айында ол Екатеринбургта өтетін әлем біріншілігіне баруы керек еді. Бірақ жарақат алып, оның орнына Бекзад Нұрдәулетов барып, әлем чемпионы атанып қайтты. Кейін маусым айының басында Бек біржолата кәсіпқой боксқа ауысқанын хабарлады.