Азия чемпионы және WBC International белбеуі бар қазақ боксшысының келесі қарсыласы анықталды
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы MTK Global промоутерлік компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құлахмет келесі кездесуін 10 шілде күні Алматы қаласында өткізеді. Оның қарсыласы украиналық боксшы Станислав Скороход (20-2, 17 КО) болады.
2019 жылы әуесқойлар арасында Азия чемпионы атанған Тұрсынбай кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін сәуір айында өткізді. Дубайда өткен жекпе-жек кешінде ол 70 секундта Хебер Рондонды (20-1, 13 KO) құатып, WBC International белбеуін жеңіп алды. Сонымен қатар, ол 210 мың доллар сыйақы алып, BoxRec рейтингінде 48 саты жоғары көтерілді.
Ал Скороход болса кейінгі рет жекпе-жегін өткен жылдың шілдесінде өткізген. Киев қаласында өткен айқаста ол отандасы Владислав Танцюрді 2-8, 1 КО) жеңді.
Жарнама