Супер орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (15-0, 10 КО) WBA Interim белбеуі үшін гайаналық боксшы Аллен Леннокспен (22-1-1, 14 КО) жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұл кездесу 12 қыркүйекте Нұр-Сұлтан (Қазақстан) қаласында өтеді.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы IBF белбеуінің чемпионына міндетті қарсылас атануға мүмкіндік беретін кездесуге шығуы керек еді. Оның қарсыласы Евгений Шведенко (15-0, 6 КО) болған. Ал жекпе-жек 17 сәуірде Карлсруэде (Германия) өтуі керек тұғын. Алайда кездесуге бір апта қалғанда қазақстандық боксшы Сovid-19 вирусын жұқтырып алды.
Сөйтіп, Шведенко екінші бір ресейлік боксшы Владимир Шишкинмен (12-0, 7 КО) кездесу өткізуге келісті. Бұл айқас тамыз айында өтеді.
Ербосынұлы болса соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп, ганалық Исса Самирді (19-1, 16 КО) жеңді. Бұл кездесуде ол BC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.