Профи-бокс
23 тамыз 2021 18:27
 

Айдос Ербосынұлының WBA Interim үшін кездесуі қайда өтетінін анықталды

  Пікірлер

blog.share

Айдос Ербосынұлының WBA Interim үшін кездесуі қайда өтетінін анықталды ©©Suleimen Promotions

Супер орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (15-0, 10 КО) WBA Interim белбеуі үшін гайаналық боксшы Аллен Леннокспен  (22-1-1, 14 КО) жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Супер орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (15-0, 10 КО) WBA Interim белбеуі үшін гайаналық боксшы Аллен Леннокспен  (22-1-1, 14 КО) жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу 12 қыркүйекте Нұр-Сұлтан (Қазақстан) қаласында өтеді. 

Айта кетейік, қазақстандық боксшы IBF белбеуінің чемпионына міндетті қарсылас атануға мүмкіндік беретін кездесуге шығуы керек еді. Оның қарсыласы Евгений Шведенко (15-0, 6 КО) болған. Ал жекпе-жек 17 сәуірде Карлсруэде (Германия) өтуі керек тұғын. Алайда кездесуге бір апта қалғанда қазақстандық боксшы Сovid-19 вирусын жұқтырып алды. 

Сөйтіп, Шведенко екінші бір ресейлік боксшы Владимир Шишкинмен (12-0, 7 КО) кездесу өткізуге келісті. Бұл айқас тамыз айында өтеді. 

Ербосынұлы болса соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп, ганалық Исса Самирді (19-1, 16 КО) жеңді. Бұл кездесуде ол BC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!