Кәсіпқой бокс
29 қараша 2021 15:03

Айдос Ербосынұлы WBO рейтингінде үздік бес боксшының қатарынан шығып қалды

©instagram.com/yerbossynuly_aidos

Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингі шықты. Жаңа тізімде қазақстандық Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) бір саты төмен түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қараша айында шыққан тізім бойынша екінші орта салмақта (76,2 келі) өнер көрсететін Ербосынұлы бесінші орыннан алтыншы сатыға түсіп қалды. Ал осы салмақта рейтингтің бірінші сатысында британдық боксшы Зак Паркер (22-0, 16 КО) жайғасқан. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық боксшы WBC рейтингінде де төмен түскен еді. 

Айта кетейік, Айдос соңғы кездесуін қыркүйек айында гайаналық Аллен Ленноксқа (22-2-1, 14 КО) қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Осы кездесуден кейін ол WBA белбеуі иегерінің міндетті қарсыласы атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport