Профи-бокс
25 қараша 2021 15:34

Айдос Ербосынұлы WBC рейтингінде үш саты төмен түсті

©nstagram.com/yerbossynuly_aidos/

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Жаңа тізімде қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы төмен түскен.  

Екінші орта салмақта (76,2 келі) өнер көрсететін Ербосынұлы 12-орыннан 15-сатыға төмендеген. 

Бұл салмақтың рейтингінде бірінші орында жеңілмеген америкалық боксшы Дэвид Бенавидес (25-0, 22 КО) тұр. 

Айта кетейік, Ербосынұлы соңғы кездесуін қыркүйек айында өткізіп, гайаналық боксшы Аллен Леннокстан (22-2-1, 14 КО) үстем түскен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport