Айдос Ербосынұлы WBA рейтингінде бірінші орынға көтерілді

Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) 2021 жылдың қаңтар айына арналған рейтингін жариялады. Жаңартылған рейтингте қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы бірінші орынға көтерілді,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Рейтингтен отандасымыз Бейбіт Шүменов шығып қалыпты. Ол жуырда бірінші ауыр салмақтағы WBA Regular белбеуінен айырылған болатын. Ал осы салмақта өнер көрсететін отандасымыз Серік Мұсадилов 15-орынға көтерілді. 

Екінші орта салмақта WBA International белбеуінің иегері Айдос Ербосынұлы болса бір саты жоғарылап, бірінші орынға жайғасты. Бұл салмақта чемпионы кубалық Давид Моррел болса, WBA суперчемпион атағы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске тиесілі. 

Ал орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы рейтингтен шығып қалған. Батыр Жүкембаев болса 14-орынға көтеріліпті. 




Метки:
Жаңалықтар