Екі боксшының командасы жекпе-жек туралы келіссөз өткізген. Енді жуыр арада айқастың қашан өтетінін хабарлайды. Бізде бар мәлімет бойынша, бұл кездесу мамыр айында өту керек. Аталған кездесуде жеңіске жеткен боксшы IBF белбеуінің иегері америкалық Калеб Планттың міндетті қарсыласы болады. Қазіргі уақытта Ербосынұлы бұл ұйымның рейтингде бесінші орында болса, Шведенко үшінші сатыға жайғасқан.
Еске салайық, Ербосынұлы өзінің соңғы кездесуін 16-желтоқсан күні өткізіп, ганалық Исса Самирды (19-1, 16 КО) нокаутпен жеңді.
Ал Шведенко болса Ресейдің тумасы. Бірақ қазіргі уақытта Германияда тұрады, сол жақта жаттығу жұмыстарын өткізеді. Соңғы кездесуін ол 21-желтоқсан күні өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша отандасы Артур Осиповтан үстем түсті.