Айдос Ербосынұлы әлем чемпионымен кездесу үшін келіссөз бастады - дереккөз

©Suleimen Promotion

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы осы салмақта WBA белбеуінің иегері кубалық Давид Моррелмен (6-0, 5 КО) кездесу өткізу үшін келіссөз бастады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне дереккөз айтты. 

Екі боксшының командалары өткен аптада келіссөз бастаған. Бірақ кездесудің шамамен қашан өтетіні де белгісіз. 

Алдағы кездесуіне қазақстандық боксшы келесі апта дайындықты бастайды. 

Айта кетейік, Ербосынұлы соңғы рет қыркүйек айында жекпе-жек өткізіп, гайаналық Аллен Ленноксты (22-2-1, 14 КО) жеңді. Сол кездесуден кейін ол Сауль "Канело" Альварестің міндетті қарсыласы атанған еді. 

Ал Моррел болса желтоқсан айында Минеаполис (АҚШ) қаласында америкалық Алантес Фокстан (28-3-1, 12 КО) айласын асырды. 

Еске салайық, күзде отандасымыздың IBF белбеуінің иегері ресейлік Евгений Шведенкомен (15-0, 6 КО) кездесуге мүмкіндігі болған еді. Бірақ айқас алдында Айдос Ербосынұлы коронавирус жұқтырып алды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар