auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Айдар Шәрібаевтың қатысуымен өтетін бокс кешінде өнер көрсететін боксшылардың тізімі анықталды

Айдар Шәрібаевтың қатысуымен өтетін бокс кешінде өнер көрсететін боксшылардың тізімі анықталды
©:diamondring.kz
Сәуірдің 12-сі күні Калифорния штатының Индио қаласында «Golden Boy» промоутерлік орталығының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бұл кеште жерлесіміз Айдар Шәрібаев пен америкалық Эндрю Канчионың жекпе-жегінен бөлек, тағы төрт айқас өтеді, деп хабарлайды diamondring.kz порталы. 

Назарларыңызға сол кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығатын боксшылардың жұбымен таныстырамыз.

Алдымен шаршы алаңға калифорниялық Хавьер Падилья мен мексикалық Рикардо Ариас шығады. Аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі қос құрдастың (екеуі де 22-де) айқасы 6 раундқа жоспарланып отыр. Кезінде екеуі тең түскен. Бұл реванш.

Одан кейін сегіз раундтық жекпе-жекте филиппиндік Рекки Дюлэй мен жеті жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен шаршы алаң қожайыны Дженаро Гамес жұдырықтасады.

Осы кеште рингке үшінші айқасқа шығатын жапон боксшысы Шоки Сакайға оңай болмайтын сияқты. Оның қарсыласы – шаршы алаң қожайыны Джонатан Наварро кәсіпқой бокста 13 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соның жетеуінде қарсыласын құлатқан. Сондықтан, жапондық 27 жасар жігіт сегіз раундқа шыдап берсе, риза боламыз.

Төртінші жекпе-жек жерлесіміз Айдар Шәрібаев пен жергілікті Эндрю Канчио арасында өтеді. Ал кештің басты айқасында шаршы алаңға мексикалық Франсиско Варгас пен америкалық Род Салька шығады. «Бандит» деген лақап атқа ие Варгастың жекпе-жектері әрдайым қызықты. Жапониялық Такаши Миюрамен 2015 жылғы кездесуі және Орландо Салидомен 2016 жылғы жекпе-жектері «The Ring» журналының тұжырымы бойынша, жылдың үздік айқастары атанған еді. Бұл жолы да Варгастан бокссүйер қауым адреналинді айқас күтеді. Дегенмен, қарсыласы да оңай шағылар жаңғақ емес. Бұған дейін бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасып келген. Тіпті, Дэнни Гарсиямен де кездеске. Бұл жекпе-жек 10 раундқа созылады деп жоспарланып отыр. Іс жүзінде қалай боларын 13 сәуір күні таңертең білетін боламыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар
1 ақпан, 13:24
Кәсіпқой бокс
Әлем чемпионы Жәнібекке жауап берді Әлем чемпионы Жәнібекке жауап берді

Жарнама

Жарнама