auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Айдар Шәрібаев WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуін иелене алмады

Айдар Шәрібаев WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуін иелене алмады
MZT Boxing
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев екінші жартылай жеңіл салмақта WBA Inter-Continental белбеуін иелене алмады. Отандасымыз АҚШ-тың Индио (Калифорния) қаласында өткен бокс кешінде Эндрию Канчиодан жеңілді.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын. Шаршы алаңдағы шайқасты ширақ бастаған америкалық боксшы алғашқы раундтардан бастап-ақ басымдығын байқатты. Үшінші раундта Эндриюдің сол жақ бүйірден жасаған соққысы жойқын шығып, Айдар бір тізерледі. Төреші нокдаун ашты.

Бесінші раундта да қарсыласының соққысы қазақстандық боксшыны бір есеңгіретті. Ал соңғы раундта Айдардың жаттықтырушылары ақ орамалды ортаға тастап, жекпе-жекті аяқтатты. Америкалық боксшы техникалық нокаут нәтижесі бойынша жеңіске жетті.



Айдар Шәрібаев осыған дейінгі 7 жекпе-жегінде жеңіске жеткен боксшы. Оның 6-да қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шыққан. Ал Эндрию Канчио болса 2006 жылдан бері кәсіпқой бокста жұдырықтасып келеді. 23 жекпе-жек өткізіп, 17-де жеңіске жеткен, 4 рет жеңілген, 2 рет тең түскен.

Айта кетейік, Индиодағы бокс кешін әйгілі Golden Boy промоутерлік компаниясы ұйымдастырды. Жекпе-жектерді ESPN телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Қазақстандық жанкүйерлер «Setanta Қазақстан» арқылы тамашалады. Өкінішке қарай, WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуі бұл жолы Айдар Шәрібаевқа бұйырған жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар