auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Айдар Шәрібаев салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Айдар Шәрібаев салмақ өлшеу рәсімінен өтті
vk.com
Қазақ кәсіпқой боксшысы Айдар Шәрібаев ертең өтетін жекпе-жегі алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті.  Отандасымыздың қарсыласы - никарагуалық боксшы Орландо Ризо.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. Екеуі де салмақ өлшеуден сәтті өтті. 135 фунтқа дейінгі (61,2 келі) салмақ дәрежесінде жұдырықтасуға рұқсат берілді.

Кәсіпқой бокста 2008 жылдан бері жүрген Орландо оңай шағылар жаңғақ емес. 32 жасар боксшының еншісінде 28 жекпе-жек бар. Оның 19-ында жеңіске жеткен.

– Қазір оңай қарсылас қалған жоқ. Әр боксшыға тыңғылықты дайындаламыз. Ризоны да аз-кем зерттеп үлгердім. Солақай боксшы екендігі бірден өзіне назар аудартты. Тәжірибелі, әрі әккі боксшы екені көрініп тұр. Бір соққымен жекпе-жек тағдырын шешіп тастағысы келетін боксшылардың қатарынан екен. Дегенмен, егер оған төбелес керек болса, мен дайынмын. Мен де нокаутты жақсы көремін. Маған да керегі сол. Оның үстіне, Майамидегі дайындығым жақсы болды. Кубалық маман Осмири Фернандестен біраз нәрсе үйрендім. Шаршы алаңға шығып, Ризомен бетпе-бет қалуымды асыға күтіп жүрмін. Жанкүйерлерімді жарқын жеңісіммен қуантуға тырысамын, – деді Айдар Шәрібаев.

Соңғы жекпе-жегін 17 наурыз күні Майамиде өткізген Шәрібаевтің еншісінде бес айқаста бес жеңіс бар. Төрт қарсыласын нокаутпен жеңген ол бүгінде чемпиондық айқасқа кубалық маман Осмири Фернандестің қарамағында дайындалуда.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама