auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Айдар Шәрібаев мексикалық боксшымен жұдырықтасады

Айдар Шәрібаев мексикалық боксшымен жұдырықтасады
Кәсіпқой бокста төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаевтың келесі қарсыласы анықталды. Наурыздың 17-сі күні жерлесіміз Майамиде 23 жасар мексикалық мықты Габино Готаға қарсы жұдырықтасады.

Алты раундтық айқас жеңіл салмақ дәрежесінде өтпек. Бұған дейінгі төрт қарсыласының үшеуін нокаутпен жеңген жерлесіміз мексикалық боксшыны да құлатам деп құлшынып жүр. Дегенмен, Габино Готада осал жігіттердің қатарынан емес. Өзі де реті келсе қарсыласын сұлатып салатындай жойқын күші бар білекті боксшы. Кәсіпқой бокста 27 жекпе-жек өткізіп, 19-ында жеңіске жеткен. Оның 17-сінде айқын басымдықпен ұтып, бір кездесуінде тең түскен. Тек алты жеңілісі бар. Өзінің соңғы жекпе-жегінде Габино Гота өткен жылдың қазан айында WBO NABO чемпиондық белбеуіне таласып, пуэрторикалық Орландо Крустан ұтылып қалған. BoxRec рейтингінде жартылай жеңіл боксшы ретінде көрсетілген ол 187-ші орында. Өз кезегінде Айдар Шәрібаев жеңіл салмақта әзірге 253-ші орында тұр.

"Шынымды айтсам, қарсыласты ұзақ таңдадық. Өйткені, кім көрінгенмен шаршы алаңға шыққым келмеді. Өзінің жастығына қарамастан мексикалық боксшы өте тәжірибелі. Кәсіпқой бокста жүргеніне алты жыл болды. Дегенмен, өз күшіме сенемін. Егер жеңіп жатсам, кәсіпқой карьерамда чемпиондыққа апарар жаңа бағыттар пайда болады деп сенемін. Өте әдемі айқас көрсетіп, жарқын жеңіске жетуге тырысамын" – деді Айдар.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жекпе-жекке жерлесіміз Майамиде кубалық маман Осмири Фернандестің қарамағында дайындалып жүр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама