Айдар Шәрібаев келесі жекпе-жегін қыркүйек айында өткізеді
Бүгінде АҚШ-та оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Diamond Ring» боксшысы Айдар Шәрібаев келесі жекпе-жегіне қалай жаттығып жатқанын айтып беріп, 16 қыркүйек күні өтетін Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы айқасқа өз болжамын жасады.
– Айдар, айтып берсеңіз, Америкадағы жаттығуларыңыз қалай өтіп жатыр?
– Рахмет, барлығы жақсы, әр нәрсе өз сәтімен. Қазір Иван Дычко және Дәурен Елеусіновтермен бірге Сергей Ковалевтің экс-жеке жаттықтырушысы Дерек Сантос-Россарионың қарамағында жаттығып жүрмін. Өз отандастарыммен бірге Мұхиттың арғы жағалауында бір залды бөлісу бақытына ие болғаныма қуаныштымын. Дайындық жап-жақсы жүріп жатыр. Енді келесі айқасымды қыркүйек айының ортасында өткізіп қалатын шығармын.
– Барлық қазақстандықтар Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің арасындағы айқасты тағатсыздана күтіп жүр. Ал сіз бұл туралы не ойлайсыз?
– Шынын айтсам, бұл жекпе-жекті тағатсыздана күтіп жүрген жанкүйерлердің қатарынанмын. 16 қырекүйек күні біз орта салмақтың ең мықты боксшысын анықтаймыз. Әлбетте, жерлесіміз Геннадий Головкин үшін тақым қысып отырамын. Головкин – барша Қазақстанның мақтанышы, еліміздің атын күллі әлемге танытып жатқан біртуар батыр. Дегенмен, Канело да оңай шағылар жаңғақ емес. Ол да өз бетінше мықты боксшы. Сондықтан, айқас оңай болмайды. Осындай жекпе-жектер әлем боксының көркін келтіреді деп ойлаймын.
– Қыркүйектің 9-ы күні Қанат Ислам Астанада канадалық Брэндон Кукпен кездеседі. Бұл айқастан не күтесіз?
– Бұл Қанат бауырым үшін өте маңызды айқас. Өйткені, өз еліңде шаршы алаңға шығу екі есе жауапкершілік жүктейді. Бәрі де Қанат Исламнан тек нокаут күтеді. Бірақ, бокс тек нокаут пен нокдаундардан ғана тұрмайды. Бокс – тактика, қарсыласыңнан айлаңды асыру, қала берді өнер. Сондықтан, Қанатқа кейбір жанкүйерлердің сындарына мән бермей, тек алдағы айқас жайлы ойлау қажет. Әдемі жеңілістен гөрі сұрықсыз жеңіс артық дейді ғой. Мен оған сенемін және тек жеңіс тілеймін!
– Ал өзіңіздің салмағыңыз бойынша әлемнің үздік боксшысы кім деп ойлайсыз?
– Мықты боксшылар көп. Мәселен, менің салмағымда WBA Super тұжырымы бойынша чемпиондық белбеудің иесі – Хорхе Линарес. Британдық Люк Кэмпбелл мен кубалық Юриоркис Гамбоа да бір-бір белбеудің иесі. Естіп жатырмын, Василий Ломаченко да осы салмаққа ауысқысы келеді екен. Сондықтан, барлық қарсыластарға құрметпен және дайындықпен келу қажет. 23 қыркүйек күні Калифорнияның Инглвуд қаласында Хорхе Линарес пен Люк Кэмпбелл кездеседі. Бұл осы салмақтағы ең үлкен жекпе-жектердің бірі болмақ. Кэмпбеллге жанкүйер боламын деп уәде еттім. Өйткені, екеуміз жақсы таныспыз. Бірнеше рет бірге спарринг-жаттығулар өткіздік. Бес-алты рет бірге шаршы алаңға шықтық-ау. Осы аралықта жақсы араласып кеттік. Бауырмал жігіт. Бекер Олимпиада чемпионы болмаған. Қазақстан туралы көп әңгімелестік. Біздің елде оқу-жаттығу жиынында болғанын айтты. Қазақстан бокс мектебін әбден мақтады. Алдағы айқасын жеңіспен аяқтайды деп үміттенемін.

Жарнама